Бұл туралы бүгін ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров хабарлады.
«Біз қасқырлар мен суқұзғындардың санын реттеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы қасқырдардың санының азайып кеткенін көрсетіп отыр. Сондықтан, биыл Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Ақтөбе облыстарында екі жыл мерзімге қасқырды атуға мораторий енгізуді көздеп отырмыз. Далалы өңірлерде қасқырлар қатты азайып кетті. Жүйесіз ату өз зардабын тигізіп отыр. Сонымен бірге, жол талғамайтын қаркешкіш көлікпенде қасқырды атуға тыйым салынады. Өйткені кейбіреулер қасқыр атамыз деп жол талғамайтын көлікпен шығады да, басқа аңдарды аулап кетіп жатады», — дейді Қ.Үстеміров.
Комитет өкілінің айтуынша, суқұзғындар бойынша Шығыс Қазақстан облысынан көптеген шағымдар келіп түсіп жатқан көрінеді. Шағымданушылар суқұзғынның ағаштарға зардабын тигізіп, балықтарды қырып жатқанын айтқан. Сондықтан суқұзғынды реттеліп отыратын құстардың қатарына енгізу жоспарлануда.