Астана уақытымен таңғы сағат 9:15-те бес облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдың алты учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Caravan.kz сайты tengrinews.kz-сайтына сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар 1025 шақырым жолға алты учаске бойынша шектеулер енгізілді:
Ақтөбе облысындағы екі учаске:
Самара – Шымкент, 776-965 шақырымдар, Ақтөбе – Қарабұтақ ауылы учаскесі, көліктің барлық түрлері үшін;
Самара – Шымкент, 526-702 шақырымдар, БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы, көліктің барлық түрі үшін.
Алматы облысы:
Екатеринбург – Алматы учаскесі, 2214-2436 шақырым, Жамбыл облысының шекарасы – Междуреченск ауылы, көліктің барлық түрлері үшін.
Жамбыл облысы:
Екатеринбург – Алматы учаскесі, 2152-2214 шақырым, Бурылбайтал – Ақсүйек ауылы, көліктің барлық түріне.
Батыс Қазақстан облысы:
Самара – Шымкент учаскесі, 394-526 шақырымдар, Жымпиты ауылы учаскесі – Ақтөбе облысының шекарасы, жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Қарағанды облысы:
Екатеринбург – Алматы учаскесі, 1610-1854 шақырымдар, Ақсу-Аюлы поселкесі – Балқаш учаскесі, көліктің барлық түрлері үшін.