Мониторингні Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы жүргізгелі отыр. Құрамына дәрігер-фтизиатрлар, құқық мамандары мен бюроның Қарағандылық филиалының директоры қамтылған арнаулы комиссия Қарағанды облысындағы колонияларда екі жылдай мониторинг жүргізеді. Комиссия әрбір абақтыға 4 мәрте барады деп күтілуде.
Мониторинг мақсаты — жабық мекемелердегі ауру көрсеткішін айқындау, дәрігерлік жәрдем деңгейі мен құқық қорғалу жағдайын қадағалау болмақ.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының медициналық қамтамасыздық бөлімінің меңгерушісі Любовь Карташованың айтуынша, «соңғы жылы облыстық колонияларда құрт ауруына шалдыққандар саны екі есе азайған». Қазір әрбір колонияда рентген аппараттары, екі мекемеде дерті анықталған қамаудағылар жіберілетін арнайы құрт ауруы стационары мен бактериологиялық зертхана бар.