Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.
Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, бұл еліміздің бірінші құрамасының аталмыш жарыстағы екінші жеңісі. Кеше қазақстандық волейболшылар беларусь қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын.
Бұл ретте, кеше Беларусь 0:3 есебімен қытайлық «Ляонинге» есе жіберсе, еліміздің екінші құрамасы осындай есеппен әзербайжандық спортшылардан басым түсті. Бүгін, еліміздің осы командасы «Ляонинмен» бақ сынасса, ал Қазақстанның алғашқы құрамасы Әзербайжанның өкілдерімен кездеседі.