ҚазАқпарат анықтамасы
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев 4 шілде 1926, Петропавл) — әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).
1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай» орындаған. 1973 жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған.
Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шетел композиторларының шығармалары бар.
Шетелдерде (Румыния, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсеткен. Киноға да түскен ("Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште", т.б.).
7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. "Музыка" номинациясы бойынша 2000 ж. "Тарлан" сыйлығын жеңіп алған.