Қазақстанның аймақтарында дауыл желдің салдары жойылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның аймақтарында дауыл желдің салдары жойылып жатыр

Қазақстанның аймақтарында дауыл желдің салдары жойылып жатыр

Қазақстанның бірқатар аймақтарында үйлер мен ғимараттар дауыл желден зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ.

  • 13 Шiлде 2011
  • 1284
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысы Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде жылдамдығы 20-24 м/с жеткен дауыл жел салдарынан ауыл клубының шатыры, жергілікті мешіт, орта мектеп ғимараты, бір электр бағаны зардап шекті. Елді мекендегі тұтынушылар жарықсыз қалды (125 абонент).

ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбі күні кешке 23:35-те жарықпен қамту қалпына келтірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ-ны жоюға электр-монтаж бригадасының 5 адамы және 1 техника тартылды. ТЖ орнында аудандық комиссия құрылды.

Маңғыстау облысында Тұщықұдық ауылында жылдамдығы 25-27 м/с жел салдарынан 24 тұрғын үйдің шатырлары, екі электр бағаны бүлініп, телефон желісінің бір бөлігі зардап шекті.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, сағ. 22:12-де электр қуатымен қамту мен телефон байланысы қалпына келтірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ-ны жоюға электр-монтаж бригадасының 6 адамы мен 2 техникасы тартылды. ТЖ орнында аудандық комиссия құрылды.

Ал Павлодар облысында өткен түні Жұмыскер ауылында диаметр 20 мм град жауды. Нәтижесінде үйлердің терезелері сынып, шатырлары бұлінді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында аудандық комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар