Мекеме ақпаратына сәйкес, «Астанада Қарағандыға қарай шығатын жол жабылып, Рождественка мен Қорғалжыңға апаратын жолдардағы қозғалыс шектелді». Елордасын қардан тазартуға «Горкоммунхоз» АҚ-ның 252 техникасы, соның ішінде 41 қар тазартқыш, 8 топырақ тазартқыш пен 132 «КамАЗ» жұмылдырылған. «Қала аумағында қарға байланысты көлік жиналды деген мәлімет жоқ», — деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысында Астана — Аршалы, Астана — Қорғалжың, Астана — Қарағанды, Державинск — Есіл — Жақсы — Атбасар бағыттарында қозғалыс тоқтатылды. Ерейментау ауданы Павловск елдімекенінен 10 шақырым жерде түзілген қар құрсаудан бес «КамАЗ» жүргізушісі эвакуацияланды. Төтенше жағдайды жоюға «Қазавтодор» РМК қызметтері жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында Ақтөбе — Хромтау, Ақтөбе — Қандыағаш, Ақтөбе — Орск, Ақтөбе — Хобда, Ақтөбе — Мартук бағытында қозғалыс тоқтатылды.
Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен — Барнаул тас жолының Шемонаиха — Михайловка учаскесі, Омбы- Майқапшағай тас жолының Бородулиха — Красный Аул учаскесі, Өскемен — Зыряновск тас жолының Өскемен — Серебрянск учаскесі мен Өскемен — Семей тас жолы жабылды. «Қазавтодор» РМК қаланы қардан тазартуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында күрделі ахуал сақталып отыр. «Барлық бағыттағы жолдар жабылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жалпы алғанда облыстағы жолдарда 231 адам эвакуацияланжы, атап айтсақ, Алматы — Екатеринбург тас жолының Ақбастау елдіекмені маңындағы бөлігінде қар құрсаудан 203 адам құтқарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті