Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға жасаған қадамдарын Канада қолдайды - Канада общиналар палатасының спикері - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға жасаған қадамдарын Канада қолдайды - Канада общиналар палатасының спикері

Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға жасаған қадамдарын Канада қолдайды - Канада общиналар палатасының спикері

Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға жасаған қадамдарын Канада қолдайды және республикамен екі арада етене жақын парламентаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі. 2-қазанда Оттава қаласында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаевпен кездесуде Канада общиналар палатасының спикері Питер Милликен осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қазан 2003
  • 864
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында Қазақстан-Канада аралық екі жақты байланыстар мәселесі сарапқа салынды. Қазақстандық елші Канада парламентінің төменгі палатасының төрағасына Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және демократиялық даму ахуалы мен болашақ міндеттер туралы әңгімелеп берді. Еліміздің жаңаша даму белестері президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 4-сәуірдегі халыққа арнаған жолдауында дәйектеліп, қазір еліміз осы жолдауды бағдарға ұстап ілгерілеп келе жатқаны туралы айтылды. Канадалық парламентшіге сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық диалог пен өзара түсіністікке бағытталған бастамалары, соның ішінде 23-24-қыркүйекте болып өткен әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайының қорытындысы жөнінде хабарлама жасалды.

П.Милликен, Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылдың маусым айында Канадаға жасаған сапары екі жақты ынтымақтастықтарды дамытуда маңызды кезең болғанын, сапар барысында бірқатар маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол қойылғанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар, биылғы жылдың 3-7 қарашасына белгіленген ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайдың П.Милликеннің шақыруы бойынша Канадаға жасайтын ресми сапары екі елдің заң шығарушы мекемелері арасындағы байланыстар аясын кеңейтуге, екі ел арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуға септігін тигізетіндігі жөнінде ой бөлісті.

Соңғы жаңалықтар