Жарияланды: 280

Қазақстанның Әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасын ел болып әзірлеу керек - ҮЕҰ

Қазақстанның Әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасын халық болып дайындау қажет.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттерді орындау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөліне арналған жиында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова атап өтті. Қоғамдық қордың жетекшісі атап көрсеткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақалада көрсетілген міндеттерді жүйелі түрде орындау үшін келесі жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстанның Әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасын даярлауды тапсырған болатын. «Біздіңше, ол құжат мемлекеттік органдарда жабық күйінде әзірленсе, оның іске асуы екіталай. Сондықтан Қазақстанның Әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасын дайындау жұмысына азаматтық қоғам болып, білім беру, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда жұмыс істеп жатқан барлық үкіметтік емес ұйымдар қатысуы тиіс», - деп атап көрсетті З.Батталова. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы барша қазақстандықтарды қамтып отыр. Сол себепті оны іске асыру жұмысына халық болып жұмылу қажет», - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін