Қазақстанның арнайы қызмет қызметкерлері ұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына бір күндік еңбекақыларын аударды
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік органдарының жеке құрамы Шымкент маңында ұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына бір күндік еңбекақыларын аударды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. ҰҚК шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағы 25 желтоқсан күні Шымкент маңында апатқа ұшырады. Ұшақта болған 27 адам түгел қайтыс болды. 27 желтоқсан Қазақстанда қаралы күн деп жарияланды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін