Қазақстанның арнайы қызметі биылғы жылы 24 терактінің алдын алды - Бас прокуратура
Биылғы жылы қаңтар-қазан айларында Қазақстанның арнайы қызметі 24 террорлық әрекеттің алдын алды, деп Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді. |
«Биылғы жылдың он айы ішінде терроризм мен экстремизмге байланысты барлығы 112 қылмыс анықталды. Арнайы қызмет биылғы жылы дайындық сатысындағы 24 терактінің алдын алды», - деп ол бүгін Астанада «Қазіргі кезеңдегі терроризмге қарсы тұру» конференциясында мәлімдеді.
«Соңғы бес жылда өзге мемлекеттердің аумағында террористік ұйымдардың қызметіне қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Олар заңсыз қарулы құрылымдарға қатысты. Біздің елде халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың 68 мүшесі ұсталды», - дейді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін