Қазақстанның арнаулы қызметтері "Аль Каиданың" құрамына енетін лаңкестік топты жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның арнаулы қызметтері  "Аль Каиданың" құрамына енетін лаңкестік топты жойды

Қазақстанның арнаулы қызметтері "Аль Каиданың" құрамына енетін лаңкестік топты жойды

"ҚР ҰҚК Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей аумағында төтенше құпия жағдайда жұмыс істейтін, халықаралық лаңкестік ұйым - "Аль Каиданың" құрамына енетін лаңкестік топты жойды". Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 11 Қараша 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл топтың «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» атты топқа қарасты жекелеген мүшелері наурыз айының аяғы- сәуірдің басында және 30-шілдеде Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді дайындауға және оны жүзеге асыруға атсалысқан. Ал «Орталық Азия моджахедтерінің жамаатын» халықаралық лаңкестік ұйымы «Аль Каидамен» жақындасып алған «Өзбекстанның Ислам қозғалысына» қарасты содырлар құрған.

Сондай-ақ, В.Божконың мәліметі бойынша Қазақстанның арнаулы қызметтері Өзбекстанның жоғары лауазым иелеріне қатысты кезекті лаңкестік әрекеттің алдын алды. «Алыс шетелдерде жасырынып жүрген лаңкестік ұйымның жетекшілері бұл әрекетті биылғы жылдың аяғына дейін жүзеге асыруды жоспарлапты»,- деді ол.
ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, топтың жетекшілері, мүшелері мен жандайшаптары тұтқындалды. Олардың арасында 9 Қазақстан , 4 Өзбекстан азаматы бар. Сонымен бірге жанкешті ретінде дайындалған Оңтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғын әйелі ұсталды. Олардың кейбіреуінің тіпті «жас сәбилері де бар»,- деді В.Божко.

Перейти к новостям спорта