Қазақстанның арнаулы қызметтері Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қолына түскен адамдардың азаматтығын айқындауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның арнаулы қызметтері Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қолына түскен адамдардың азаматтығын айқындауда

Қазақстанның арнаулы қызметтері Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қолына түскен адамдардың азаматтығын айқындауда

Қазақстанның арнаулы қызметтері Санкт-Петербург қаласында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қолына түскен адамдардың азаматтығын айқындауда. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте ҚР парламенті сенатының халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

9-қыркүйек, бейсенбіде Ресейдің бірқатар БАҚ-тары Санкт-Петербург қаласында Калашников автоматтарымен қаруланған бір топ қазақстандықтар ұсталғанын хабарлағаны мәлім.

«Қарақшылық топ Ресей тұрғындарынан құралған екен. Қазір біз олардың азаматтығын анықтап жатырмыз. Бірақ анық-қанығы әзірге белгісіз. Алғашқы ақпарат бойынша олардың арасында Қарағанды тумасы, бірақ, қазір Шешенстанда тұратын бір адам бар көрінеді»,- деді В.Божко журналистер сауалына.

Перейти к новостям спорта