«Бұл топ ел басшылығына хабарландыру бермей Австрия аумағында оперативтік іс-әрекеттер жүргізген, бұл дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзу болып табылады»,- деді ақпарат көзі.
Оның ақпаратына сәйкес, Венаға келген топтың құрамына «ҰҚК-нің Германиядағы, Англиядағы өкілі мен Франкфурт қаласындағы ҚР консулдығынан арнайы қызмет өкілдері кірген». «Топты ҚР СІМ-нің орынбасары Қайрат Әбдірахманов басқарған»,- деді ақпарат көзі.
Оның айтуынша, «Австрия СІМ-де өткен кездесу барысында Әбдірахмановқа арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобының ел аумағындағы іс-әрекеттерінің заңсыздығы, дипломатиялық қызметкерлердің Еуроодақ елдерінде болу нормалары мен ережелерін бұзғандығы атап көрсетілді».
«Олардың бәрі қазіргі жағдаймен ел аумағынан шығарылды»,- деді ақпарат көзі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті