Жарияланды: 470

Қазақстанның ашық су көздерінде 9 адам суға кетті

Өткен тәулікте еліміздің ашық су көздерінде 9 адам суға кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Балқаш ауданында Ілеге шомылып жүрген кезінде 49 жастағы ер азамат суға батып кетті. Оның денесі әлі табылған жоқ. Кеше сондай-ақ Атырауда Жайық өзеніне 20 жастағы жігіт батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты. Ақтөбе облысының Қарғалы ауылында өзенге шомылып жүрген жерінде 25 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты. Шығыс Қазақстан облысының Степное ауылында да осындай қайғылы оқиға орын алды - Үлбіге шомылып жүрген кезінде 36 жастағы ер азамат суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты. Осы облыста, Глубокое селосында Ертіс суына 42 жастағы азамат батып кетті. Оның да денесін судан құтқарушылар алып шықты. Жексенбі күні сондай-ақ Орал қаласында Шаған өзеніне 30 жастағы азамат батып кетті. Ал Қарағанды облысындағы Киевка селосында Құндызды өзенінде 45 жастағы ер азамат суға кетті. Қостанай облысында Тобыл өзеніне 24 жастағы жігіт батып кетсе, Қызылорда қаласында Шіркейлі каналына шомылу кезінде 29 жастағы жас әйел суға кетті. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін