Қазақстанның әскери бөлімшелері бұдан былай Иракқа жіберілмейді - ҚР Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның әскери бөлімшелері бұдан былай Иракқа жіберілмейді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның әскери бөлімшелері бұдан былай Иракқа жіберілмейді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Атырау. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өз әскери бөлімшелерін бұдан былай Иракқа жібермейді. Бұл туралы Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Біз Ирактан өз тобымызды шығардық. Біздің жауынгерлер барынша лайықты жұмыс істеді. 5 миллионнан астам миналар мен оқ-дәрілерді залалсыздандырды. Қазақстандық дәрігерлер өздерінің ирактық әріптестерімен бірге 500-ден астам жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті. Біздің бөлімдеріміздің осы елдегі қызметін қанағаттанарлық деп санаймын. Ең бастысы, әскери маңызды борышын абыроймен атқарып шықты және осы елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға лайықты үлесін қосты», — деді Даниал Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар