Қазақстанның «Астана» командасы екінші рет Дакар раллиіне аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның «Астана» командасы екінші рет Дакар раллиіне аттанады

Қазақстанның «Астана» командасы екінші рет Дакар раллиіне аттанады

Қазақстанның «Астана» командасы екінші рет «Дакар" раллиіне аттанады, деп команда капитаны Артур Ардавичус мәлім етті.

  • 3 Қараша 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Біз тәжірибелі бола түстік. Былтырғы Дакардан кейін 3 жарысты өткердік, және біз шапшаңырақ жүре алатымызды білеміз, бірақ ол орасан зор тәуекел», — деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Біз бірден 3-4 автомобиль қоятын зауыттың командасы емеспіз. Оның үстіне олардың артында автомобиль-донор келе жатады. Егер жолда автокөлікке бір нәрсе болса, донор келіп қажет бөлшекті алмастырып, көлік мәреге тарта береді. Біз ешқандай донорсыз жүреміз, сондықтан көшбасындағылардың қарқынын ұстай алмаймыз, бір жіберген қателіктің құны тым қымбатқа түсуі мүмкін», — деді шабандоз.

Оның айтуынша, КАМАЗ «нольден бастап» жинақталып шықты, және оның рамасы күшейтілген. Машина Дакардағы ресейлік бәсекелсінен қозғалтқышымен ғана өзгешеленеді. Ресейліктерде ярославлдік мотор орнатылған, ал қазақстандықтарда — американдық мотор.

«Астана» командасының демеушісі болып отырған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл командада штурман ауыстырылып, Денис Березовскийдің орнына Алексей Кузьмич қатысады.

Былтыр Дакардағы қазақстандық команданың табысы жаман болған жоқ. Жалпы есепте команда 8-ші орынды жеңіп алды.

Ралли Дакар-2012 – бұл трансқұрылықтық 33-ші марафон. Марафон-раллидің маршруты 9000 км. 1 қаңтарда қатысушылар Мар-дель-Платадан (Аргентина) бастау алып, Аргентина, Чили мен Перу арқылы 14 кезеңнен соң 15 қаңтарда Перу астанасы Лимада мәреге жетеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера