Еуропалық қайта құру және даму банкі, Rabobank (Голландия) және Natexis Bank (Франция) өкілдерінің ҚР ауылшаруашылығы министрлігі мен астық қолхаттары бойынша міндеттемелерге кепілдік беру қорының өкілдерімен кездесуде Қазақстандағы астық орнына қолхат беру жүйесіне оң баға берілді.
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерге кепілдік беру қоры» АҚ басқармаларының төрағасы Сағындық Нұрақыновтың пайымдауынша, Қазақстанның астық қолхаты моделіне жетекші халықаралық қаржылық институттардың жоғары баға беруі Қазақстанынң астық саласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанының нышаны. Ол сондай-ақ, толықтырылған «Астық туралы» заңның прогрессивті заң болғанын атап өтті.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан үшін мақсатты несиелік желі ашу жоспарына қатысты мәселені талқылау барысында бұл банктің қормен ұзақ мерзімді әрі тиімді өзара ынтымақтастыққа және астық қабылдау кәсіпорындарының санын арттыру саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілігі атап көрсетілді. Сондай-ақ, Rabobank пен Natexis Bank Қор тарапынан кепілдік берілген астық қолхаттарын кепілдікке алу арқылы Қазақстанның астық кәсіпорындарын биылдан бастап тікелей қаржыландыруға құлық танытып отыр.
Шетелдік банк өкілдері астық қолхаты жүйесі мен оларға қатысты міндеттемелерге кепілдік беру схемасын мақта және күнбағыс тұқымы тәрізді ауылшуаруашылығының басқа да өнім түрлеріне қолдану мүмкіндігін сөз етті.