Осыған орай министрлік еліміздегі әуежайлар мен вокзалдарда намазхана ашу мәселесін қарастыруда.
“Бұл мәселе соңғы кезде құлшылық жасаушылар арасында көп талқыланып жүр. Олар әуежайлар мен теміржол бекеттерінде, ойын-сауық орталықтарында намазхана болғанын қалайды. Біз дін жолындағы азаматтар мен өзге де тұрғындардың пікірін біліп, осы мәселені қарастырып жатырмыз”, – дейді Нұрлан Ермекбаев КТК арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін аталған орындарда намазхана болған. Алайда, 2011 жылы қабылданған “Дін істері және діни қауымдастық” заңына сәйкес алынып тасталды.