Қазақстанның ауылшаруашылығы дағдарыс жағдайында тың мүмкіндіктерге ие болды - Нұрсұлтан Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ауылшаруашылығы дағдарыс жағдайында тың мүмкіндіктерге ие болды - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның ауылшаруашылығы дағдарыс жағдайында тың мүмкіндіктерге ие болды - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ауылшаруашылығы дағдарыс жағдайында тың мүмкіндіктерге ие болды. Өйткені, оның өніміне деген сұраныс артып келеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 978
Фото - Caravan.kz

«Парадокс болса да, классикалық экономикада мынадай сөз бар: «Дағдарыс жаман болғанымен, ол жаңа мүмкіндіктер де береді». Қазақстанның ауылшаруашылығы дәл осындай жағдайда»,- деді президент.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде әлем азық-түлік дағдарысын бастан кешіп жатқанда көптеген мемлекеттер Қазақстанға үміт артып отыр. Сонда сыртқа шығарамыз деп өз елімізде азық-түлік тапшылығы пайда болып жүрмей ме? Қазақстан аграрлы ел болып табылатындықтан, азық-түлікпен ішкі рыногымызбен қатар, сыртқы рыноктарды да қамтамасыз етуге ресурсы мен әлеуеті жетеді. Осы негізде үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі қызметін белсенді ете түсуі тиіс. Үстіміздегі жылы Елбасының тапсырмасымен ауыл шаруашылығын дамыту үшін 135 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінде мемлекет әр өңірде бидайдың, еттің, сүттің, жеміс-көкөністің жеткілікті қорын жинақтап алған. Сондықтан сұраныс бар кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайтып, ақша табуды, сөйтіп, жаңа техникалар алып, технологияларды жетілдіруді қолға алу қажет. Осылайша сапалық жаңа деңгейге көтерілу керек.

Қазақстан жылына 2,6 млн. тонна тыңайтқыш қолдануы қажет. Бүгінгі жағдайда 200 мың тоннадан сәл астам ғана қолданылады. Демек, резерв жетіп артылады. Тыңайтқыш өнімділікті 25-30 пайызға дейін көтереді. 11-12 центнердің орнына тыңайтқыш қолданып, 15-16 центнерден өнім алынып жүр. Бұл да аз. Өзге елдер, мәселен, Қытай суарылмайтын жерлердің гектарынан 50-60 центнерден өнім алады. Міне, осы резервтер пайдаланылса, ауыл шаруашылығын қазіргіден әлдеқайда табысты етуге мүмкіндік бар. Еліміз әлі айналымға қосуға болатын 6,7 млн. гектар жерге ие.

Осылай дей келіп, Елбасы қазір елімізде ірі сүт кешендері салынып жатқанын атап көрсетті. «Родина» шаруашылығына Германиядан 750 сүтті сиыр әкелінген. Бұл — сүттің молшылығын арттыру үшін жасалып отырған қадам. Әрбіреуі 6-7 мың литр сүт береді. Бізде осынша сүт сауу үшін 4-5 сиыр ұсталады. Міне, жаңа технология дегеніміз осы.

Осындай ірі бордақылау кешендері де керек. Ол экологиялық таза ет өнімдерін шығарып, азық-түлік молшылығын жасауға септігін тигізетін болады. Сонда, біріншіден, экономикамыз көтеріледі. Екіншіден, ауыл шаруашылығы қазіргі заман талабына жауап беретін деңгейге шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар