Қазақстанның Азаматтық партиясы жаңа "Асар" партиясының дүниеге келуін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Азаматтық партиясы жаңа "Асар" партиясының дүниеге келуін қолдайды

Қазақстанның Азаматтық партиясы жаңа "Асар" партиясының дүниеге келуін қолдайды

"Өз елімнің қарапайым азаматы ретінде Ата заңымызға сай келетін, ұлтаралық араздыққа, әртүрлі алауыздыққа шақырмайтын кез-келген жаңа саяси партияның дүниеге келуіне қарсы емеспін",- деп мәлімдеді бүгін, 29-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Азаматтық партиясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа партияның құрылуы туралы өз түсініктемесінде.

  • 29 Қазан 2003
  • 1005
Фото - Caravan.kz

«Өзіндік саяси позиция ұстанып, бірлестіктер құру- еліміздің кез-келген азаматының құқығы деп санаймыз»,- деді Қазақстанның Азаматтық партиясының жетекшісі.

Екі партия арасындағы қарым-қатынас туралы сұраққа жауап берген А.Перуашев :
«бұл жаңадан құрылған партияның жұмысына, нақтырақ айтсақ, оның белсенділігіне және оның қазіргі жариялаған мәлімдемелерінің үдесінен шыға білуіне байланысты»,- деді.
«Біз көптеген партиялардың басшылығымен жақсы қарым-қатынастамыз. Әрі біз өз оппоненттерімізді сыйлаймыз»,- деді ҚАП жетекшісі. Осы орайда ол өз жақтастарының қатарын молайту үшін партиялар арасындағы бәсекелестіктің орын алуы қалыпты процесс деп атап көрсетті.
Жаңа партияның дүниеге келуі салдарынан Қазақстанның Азаматтық партиясы өзінің жақтастарынан айрылып қалмайды дегенге А.Перуашев сенімді. «Басқа партиялармен салыстырғанда, Азаматтық партия әлеуметтік базасын нақты айқындап алғандығымен ерекшеленеді. Біз еліміз алға қойған мақсаттарды шешудің басты рычагы — ұлттық өнеркәсіп деп санаймыз, басқаралардан өзгешелігіміз осыда»,- деді А.Перуашев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-қазанда Алматыда республикалық «Асар» партиясының құрылтайшылық сьезі өтіп, онда партияның төрайымы болып Дариға Назарбаева сайланған болатын. Құрылтайда саяси партияны «Республикалық Асар партиясы» деп атау ұйғарылып, партияның жарғысы мен бағдарламасы бекітіліп, саяси кеңес мүшелеріне Д. Назарбаева, Владимир Рерих, Айдар Жұмабаев, Раушан Сәрсенбаева, Гульнар Ихсанова, Сергей Киселев, Ерлан Қариндер сайланған болатын.

Соңғы жаңалықтар