Қазақстанның бағдарламалық қамтамасыздық саласындағы авторлық құқықты қорғауға бағытталған талпыныстарын Майкрософт жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бағдарламалық қамтамасыздық саласындағы авторлық құқықты қорғауға бағытталған талпыныстарын  Майкрософт жоғары бағалайды

Қазақстанның бағдарламалық қамтамасыздық саласындағы авторлық құқықты қорғауға бағытталған талпыныстарын Майкрософт жоғары бағалайды

Бүгін, 25-наурызда Астанада Іскерлік бағдарламалық қамтамасыздық Альянсы (BSA), Фонограмма жасаушылардың Халықаралық федерациясы (IFPI) мен "Майкрософт" корпорациясы Қазақстан әділет министрлігімен бірлесе отырып мелмекеттік мекемелер мен авторлық құқық иелері арасындағы өзара ықпалдастық және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға бірігу туралы коммюникеге қол қойды.

  • 25 Наурыз 2004
  • 413
Фото - Caravan.kz

Іскерлік бағдарламалық қамтамасыздық Альянсы (BSA) атынан коммюникеге осы ұйымның вице-президенті Бетт Скотт, Фонограмма жасаушылардың Халықаралық федерациясы (IFPI) атынан аталмыш федерацияның Ресей және ТМД аймақтық директоры Игорь Пожитков, Қазақстан жағынан ҚР әділет министрінің орынбасары Жақып Асановтар қол қойды. Қол қою рәсіміне «Майкрософт» корпорациясының бас атқарушы директоры Жан Филипп Куртуа қатысты.

Қол қойылған келісім туралы түсініктеме берген ол «Қазақстан үкіметінің бағдарламалық қамтамасыздық саласындағы авторлық құқықты қорғауға бағытталған талпыныстарын мен жоғары бағалаймын» деп атап көрсетті.
ҚР әділет министрігіндегілердің пайымдауынша, ірі шетелдік компаниялар өкілдерінің аталмыш меморандуға қол қоюы «301-ші арнаулы шолу» атты қара тізімнен Қазақстанды шығаруға жасалған алғашқы қадам болумен бірге өнеркәсіп саласына озық ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған болашақ ынтымақтастыққа арқау болмақ.

Соңғы жаңалықтар