«Останкинода болдым. Константин Эрнстпен кездестім», деп жазды министр Асқар Жұмағалиев Twitter-дегі блогында.
«Теледидарды дамытудағы әлемдік үрдістер туралы айттық, ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Қазақстанда продакшн-индустриясын дамыту қажеттілігін сөз еттік. Әріптестер телеорталықты аралатты. Астанада салынатын телерадиокешеннің құрылысында олардың тәжірибесін ескеретін боламыз»,- деп хабарлады министр өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Ертістің сол жағалауында телерадиокешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда ситкомдар мен ойын-сауық думандарын дайындайтын студиялар, жазу студиялары, электрондық бейне және аудиомұрағаттар, медиатехнология саласы бойынша мамандар дайындайтын және олардың біліктіліктерін жетілдіретін орталық, коммутация, теле- және радиоарналардың хабарларын тарату және бақылау орталығы орналасатын болады.