Қазақстанның байланыс министрлігі Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына риза емес - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның байланыс министрлігі Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына риза емес

Қазақстанның байланыс министрлігі Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына риза емес

Қазақстанның байланыс және ақпарат министрлігінің құпия тексерушілері Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында елеулі бұзушылықтарды анықтады.

  • 30 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Келген адамдармен дұрыс сөйлеспеу жәйттері байқалған, ғимараттардың дәл қасында шаруаны жылдам шешіп беруді ашық түрде ұсынатын адамдар кездесіп қалады», делінген бейсенбіде министрліктің баспасөз қызметінен таралған хабарламада.

Тексерілген бүкіл орталықтардан байқалғаны, «құжаттарды барлық терезелер бірдей қабылдай бермейді, қызмет көрсетуде әмбебаптық жоқ, операторлар жекелеген қызметтер бойынша жұмыс істейді».
Құжаттарды рәсімдеуде де бұзушылықтар анықталған.
«Анықталған бүкіл фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылады», деді аталмыш орталықтардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуына бақылау комитетінің жетекшісі Бақыт Әбішев, оның сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар