Н.Назарбаевтың айтуынша, 2000-шы жылдан бері банк жүйесіндегі депозиттер 9 есе өсіп, 12 млрд. долларды, ал тұрғындардың салымдары 4 млрд. долларды құрап отыр. 2000-шы жылдан бері ел экономикасына салынған банк несиелері 14 есе өсіп, 15 млрд. долларға жетті.
«Бүгінде біз республиканың қаржы секторын мақтан тұта аламыз. Барлық негізгі қаржылық реформалар жүзеге асырылды. Қаржылық институттардың іс-қызметі жоғары деңгейде дамыған елдердегі халықаралық стандарттаға сәйкес реттеледі»,- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, «бұл істе Қазақстан қаржыгерлерінің конгрессі де өзіндік роль атқарды».
Мемлекет басшысының айтуынша, тұтастай алғанда конгрестерде банк саласындағы қадағалау және қаржылық реттеуге, валюта режимін ырықсыздандыруға, салық салуға, қаржылық лизингіге қатысты кең ауқымды мәселелер топтамасы талқыланып, шешілді. «Ипотекалық несие беру, құрылыс жинақтары жүйесін қалыптастыру, шағын несиелер таратуды дамыту мәселелері үлкен белсенділікпен шешімін тапты»,- деді Н.Назарбаев.
«Мұның бәрі де халық пен кәсіпкерлер қауымының еліміздегі қаржылық жүйеге деген сенімін нығайтты. Алға қойған мақсаттарды сатылы түрде шешу арқылы қаржылық сектор дамудың жоғары деңгейіне көтеріле алды»,- деді ол.