Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады. Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

  • 12 Ақпан 2020
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан әлі күнге дейін волонтерлік қызмет деңгейі төмен елдер тобында тұр. Волонтерлік мәдениет, дәстүр, ынталандыру жеткілікті дамымаған. Есепке алу және ынталандыру жүйесі де дамымай отыр. Міне осының барлығын біз осы жылы шешіп, волонтерлікті жаңа деңгейге көтеруміз қажет», — деді министр.

Оның атап өтуінше, дәл осы проблемаларды шешу үшін республикалық волонтерлік фронт-кеңсе іске қосылып отыр.

«Яғни, Қазақстанның барлық азаматы келіп тіркеліп, волонтер бола алады. Бұған қоса, біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін осы жерге шоғырландырамыз. Бұл оларға көмектесе алуымыз үшін жасалады. Сондай-ақ, 17 облыста өңірлік кеңсе ашамыз және мұның барлығы бірыңғай жүйемен жұмыс істейтін болады. Call-орталық жұмыс істейді», — деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар