Қазақстанның бас мүфтиі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бас мүфтиі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды

Қазақстанның бас мүфтиі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды

ПАВЛОДАР. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Ақиқатты ашып, өзінің пайдакүнемдік ниетімен біздің жастарымызды есеңгіретіп жүрген барлық қаскөйлерге қарсы салмақты сөз айтатын кез жетті»,- деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Павлодарда өткен «Қазіргі Қазақстан және ислам діні» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға. «Фундаментализм, сепаратизм, экстермизм түсініктері шынайы мұсылман үшін жат түсінік, сондықтан да мен жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырамын», — деді Бас мүфти.

«Шынайы мұсылман дінге сенушілерді ғылымға араласуға, жаңаны тануға, қайырымдылық жасауға шақырады» — деп атап өтті Бас мүфти.

Ә. Дербісәлінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында кез-келген адамға Құран және шынай құндылықтар туралы түсіндіре алатын 1800 мешіт бар. «Біздің еліміз 15 жыл ішінде айтарлықтай өсті, беделге ие болды және де әртүрлі халықтар мен діни сенім-нанымдар арасында бірлік пен келісімді сақтай білді. Қазір тәуелсіз Қазақстан тұрғындарына өздерінің пайдакүнемдік пиғылын күшпен таңатындарға және араға жік салып жаңжалдастыратындарға жол жабық»,- деп атап көрсетті ол.

Форум жұмысында дін өкілдерінен басқа атақты ғаламдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жастар қозғалысының көшбасшылары және Павлодардың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Негізгі талқыланған тақырып «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының қиратқыш әрекеті жайлы болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта