Қазақстанның Бас прокуратурасындағылар мәжіліс депутаты Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі "Ақ ауыл" корпорациясының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты екенін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Бас прокуратурасындағылар мәжіліс депутаты Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі "Ақ ауыл" корпорациясының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты екенін жоққа шығармайды

Қазақстанның Бас прокуратурасындағылар мәжіліс депутаты Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі "Ақ ауыл" корпорациясының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты екенін жоққа шығармайды

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бас прокуратурасындағылар мәжіліс депутаты Виктор Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі "Ақ ауыл" корпорациясының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты екенін жоққа шығармайды. Бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қазан 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, мәжіліс депутаты Виктор Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі беті ашылған заң бұзушылықтарға белгілі дәрежеде байланысты, өйткені, бұл депутат бұрын осы корпорацияның жетекшісі болған», -деді С. Нұрпейісов.

«Дегенмен, бұл тексерудің өзі бұрынғы депутаттың іс-әрекеттерінде қылмыстық құрамның бар екенін көрсетпейді. Бүгін біз оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар деп мәлімдей алмаймыз. Өйткені, қазір тергеу алдындағы тексеру жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар