Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер сақталады

Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер сақталады

«Қазгидрометтің» болжауынша, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы циклонның ықпалында қалып,

  • 14 Маусым 2011
  • 304
Фото - Caravan.kz

жекелеген жерлерде өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер сақталады. Ал республиканың батыс және солтүстік-батыс аумақтарына антициклон әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с екпінде жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын желге шаңды дауыл араласады.

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, бүгін елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Гидрометеорологиялық болжамдарға сүйенсек, алдағы тәулікте Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауларындағы сулы нысандарда су көлемінің байыппен көтерілуі байқалса, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің ауытқуы тіркеледі. Қазақстанның өзге сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар