Қазақстанның бес аймағының тұрғындары Тәуелсіздік күнін 40-градустық аязбен қарсы алады
![]() |
"Қазгидромет" республикалық кәсіпорны Қазақстанның бес облысында қатты аяз болатыны туралы ескерту таратты. |
15-17 желтоқсан күндері Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты аяз сақталып, ауа температурасы -33-38 градусқа дейін, кей жерлерде -41 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, 15-18 желтоқсанда Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында аяз
-35-40 градусқа дейін жетіп, кей жерлерде -44 градус болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін