Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда

Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда, мақсат-міндеттер өзгеруде, білім берудің мазмұны қайта қаралуда.

  • 12 Шiлде 2011
  • 818
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жұма күні Өскеменге жасаған сапарының барысында айтты.

«Елбасы Жолдауында айтылған жаңа стратегиялық ұлттық міндеттерді ескере отырып, өзгертулер, ең алдымен, білімнің мазмұнын жақсартуға бағытталуда. Біз «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз, балдырғандар үшін балабақшалар ашудамыз, себебі алда ең басты міндет — 12 жылдық білім жүйесіне көшу міндеті тұр. Бұл өте үлкен міндет. Алдағы бес жылда 522 білім ошағын салу жоспарланып отыр. Егер бұған дейінгі бесжылдықта 100 мектеп салсақ, ендігі міндет — 522 мектеп. Бұл Елбасының тапсырмасы және бұл жайында Жолдауда анық айтылған», — деді министр.

Министр бұл күні Өскеменде жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің, сондай-ақ балабақшалардың басшыларымен кеңейтілген актив отырысын өткізіп, онда 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, т.б. мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар