Қазақстанның бірқатар облыстарында қар, боран, күшті жел күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар облыстарында қар, боран, күшті жел күтілуде

Қазақстанның бірқатар облыстарында қар, боран, күшті жел күтілуде

17 қараша күні Ақмола облысының басым бөлігінде, 16,18 қарашада жекелеген жерлерінде қар жауып, боран болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кезде оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2012
  • 489
Фото - Caravan.kz

Астана қаласында 16-17 қарашада қар жауып, боран соғып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

16-17 қарашада Павлодар облысының бірқатар аймақтарында, 18 қарашада өңірдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 16-18 қарашада қар жауып, боран болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

19-20 қарашада Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында, 20-21 қарашада Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, -15-20 градусқа дейін, жекелеген аймақтарда 25 градус аязға дейін суытады.

19-20 қарашада Қызылорда, 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы түнде -10-15 градусқа дейін, кей жерлерде минус 20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар