“Қазақстанның солтүстік бөлігінде, оның ішінде СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл соғатындығы ескертілді. Желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін, кей жерлерде 30 метрге жетеді.
Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы секундына 20 метрге болмақ. 12 қаңтар күні күндіз жел басылып, температураның айтарлықтай төмендейтіндігі күтіледі”, – дейді Қазгидрометтің жетешкі инженері Мөлдір Есқалиева.
Қазгидромет өкілінің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы кей жерде -35 градусқа дейін төмендейді.
“Батыста да температура төмендейді деп күтілуде, термометр бағаны -22, -25, БҚО-ның кей жерлерінде -30 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде де тұрақсыз ауа райы күтіліп отыр, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады”, – дейді ол.