Қазақстанның бірқатар өңірлерінде боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

  • 13 Қараша 2012
  • 324
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша (бұрқасын боран, көктайғақ) сағат 15:00-ден бастап «Өскемен-Зырян-Катон-Карағай-Рахман қайнарлары» (6-65 км) автожолының «Ушанова-Серебрянск» учаскесінде қоғамдық автокөлік үшін уақытша жол қозғалысы шектелді. Ал сағат 16:40-тан бастап Қарағанды облысы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жол көрінісінің шектелуі) қоғамдық және жүк автокөліктеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағында сағат 17:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 км) жолындағы барлық автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді. Осы өңірдегі «Екатеринбург-Алматы» (1280-1335 км) жолының «Астана-Қарағанды облысы» учаскесі бойында да қоғамдық және жүк автокөліктері үшін қозғалысқа жол жабылды.

Сонымен қатар Павлодар облысы өңіріндегі боранға байланысты сағат 18:00-ден бері «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 км) жолы, «Қызылорда-Павлодар» (1135-1205 км) автожолында барлық автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді.

Ал сағат 17.45-тен бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жол көрінісінің шектелуі) қоғамдық және жүк автокөліктері үшін жол қозғалысы шектелді.

Шығыс Қазақстан облысындағы боранның салдарынан сағат 17:50-ден бері «Өскемен-Зырян-Риддер-Ресей елі шекара» (0-191 км) автожолында қоғамдық автокөлік түрінің жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 , Қарағанды облысы бойынша 8 (7212) 77-25-54 , Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар