Қазақстанның бірқатар қалаларында қызылша белең алды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар қалаларында қызылша белең алды

Қазақстанның бірқатар қалаларында қызылша белең алды

Қазақстанның бірқатар ірі қалаларында эпидемилог мамандар қызылша дерті белең алды деп мәлімдеуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, соңғы жылдары алғаш рет Қарағандыда қызылшаға шалдыққан науқастар санының арту ағымы байқалды. Қазан және желтоқсан айлары аралығында мұнда 47 жағдай тіркелсе, қаңтардың алғашқы екі аптасында 14 жағдай тіркеліп үлгерді. Мемлекеттік санитарлық қадағалау қызметінің облыстық департаменті мамандарының атап көрсетуінше, ауырғандардың 80 проценті ересектер.

Соңғы 8 жылда алғаш рет Павлодарда да қызылша дертінің белең алу оқиғасы тіркелді. Қазіргі жағдаймен облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 5512 әскери бөлімнің 6 сарбазы мен 10 қарапайым тұрғын жатқызылды.
Мемлекеттік санитарлық қадағалау қызметі департаментінің мамандары қызылша дерті екі аймаққа да Алматы және Алматы облысынан әкелінді деп санайды.
Павлодар мен Қарағандыда аурудың жаңадан тіркелуінің алдын алу үшін эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда. Мәселен, Қарағандыда 30 жасқа дейінгі дәрігерлік қызметкерлерге қайтадан вакцина егу шарасы жүзеге асырылды. Павлодардағы әскери бөлімшеде 280 әскери қызметкерге вакцина егілді.

Перейти к новостям спорта