Қазақстанның бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай әлі де қолайсыз болады деп болжанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай әлі де қолайсыз болады деп болжанды

Қазақстанның бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай әлі де қолайсыз болады деп болжанды

"Қазгидромет"РМК таратқан мәлімет бойынша, 13 қаңтарда Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Алматы және Шымкентте метеорологиялық жағдай қолайсыз болады.

  • 13 Қаңтар 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Осыған орай ауаның ластана түседі. Қазақстанның басқа қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Қолайсыз ауа райы жағдайы – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).