Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді.

  • 16 Қараша 2012
  • 281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Павлодар облысы аумағындағы көктайғаққа байланысты сағат 11:00-ден бастап:

— «Қызылорда-Павлодар» (1135-1310 км) автожолының «Қалқаман-Қарағанды облысы» учаскесінде;

— «Қызылорда-Павлодар» (205-259 км) автожолының «Астана-Ерейментау-Шідерті» учаскесінде;

— «Омск-Майқапшағай» (426-492 км) автожолының «Кенжекөл-Черный» учаскесінде;

— «Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман» (93-324 км) автожолының «Қалқаман-Қарағанды обл» учаскелерінде автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысы бойынша да (көктайғақ) сағат 11:30-дан бері «Қызылорда-Павлодар» (1069-1135 км) автожолының «Молодежное-Павлодар облысы» учаскесінде автокөліктің барлық түрінің жолға шығуына тыйым салынды.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 , Қарағанды облысы бойынша 8 (7212) 77-25-54 , Павлодар облысы бойынша 8 (7182) 57-09-44 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар