Қазақстанның бірқатар саясаткерлері кәсіпкерді өлтіру ісі бойынша айыпкерлерге қолдау көрсетуде - қаза тапқан кәсіпкердің жесірі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар саясаткерлері кәсіпкерді өлтіру ісі бойынша айыпкерлерге қолдау көрсетуде - қаза тапқан кәсіпкердің жесірі

Қазақстанның бірқатар саясаткерлері кәсіпкерді өлтіру ісі бойынша айыпкерлерге қолдау көрсетуде - қаза тапқан кәсіпкердің жесірі

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 2001 жылдың 18 маусымында өлтірілген "Химпродукт" ЖШС директоры Борис Костановтың жесірі Манана Костанованың пайымдауынша, Қазақстанның бірқатар саяси партияларының жетекшілері оның жұбайын өлтірді деп айыпталған Есентай Байсақовқа қолдау көрсетуде. Бұл туралы бүгін жәбірленушінің аввокаты Асылболат Кәкімов алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 584
Фото - Caravan.kz

Адвокаттың айтуынша, ол «кәсіпкер Борис Костановты өлтіруге тапсырыс берген деп айыпталған Е. Байсақовқа қолдау көрсетуде ( Украинада саяси қашқын мәртебесін алуға — агенттік ескертпесі)» дегенге сенеді. А. Кәкімов қазір Грецияда тұрып жатқан М. Костанованың БАҚ-тар мен Қазақстан жұртшылығына арнаған мәлімдемесін оқып берді.

«Соңғы уақытта менің күйеуім Борис Костановтың өліміне қатысты қылмыстық іс Қазақстанда жаппай талқыланып жатыр. Биыл тергеушілер кісі өлтіруге тапсырыс берушінің ізіне түсті. Мен интернет арқылы осы оқиғаның қалай өрбитінін қадағалап отырмын, бірақ құқық қорғаушылардың нәтижеге қол жеткізе алатынына күмәнмен қараймын. Солай болған жағдайда мен еуропалық және халықаралық сот сатыларына арыздануға мәжбүр боламын», — делінген жесірдің мәлімдемесінде.

Оның пікірінше, «қазір әлдекімдер 2001 жылы отбасының жалғыз асыраушысы, үш баланың әкесін аяусыз өлтірген қылмыскерлерді тауып жазалаудан қоғам назарын бұрып жіберуге талпынуда».

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «Б. Костановты Е.Байсақовтың адамдары бірнеше рет қорқытып, ізінен аңдып, бизнестен бас тартуын және мекемесін беруін талап еткен болатын. Қоқан -лоққылары сенімді болуы үшін олар мені және ұлымызды аңдыды, үнемі біздің үйдің, мектептің маңында жүріп, түнделетіп қоңырау шалатын еді. Қанша жыл өтсе де менің жақындарымның өміріне әлі де қауіп төніп отыр, себебі, менің күйеуімді өлтірушілер бостандықта жүр және соның салдарынан мен Қазақстанға келе алмай отырмын», -делінген мәлімдемеде.

Костановтың жесірінің хабарлауынша, «оған қысым көрсету жалғасып отыр». «Егер Қазақстандық билік өкілдері заңның үстемдігін қамтамасыз ете алмаса, онда мен еуропалық сот, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға шағымдану құқығымды қолданатын боламын «, -дейді М. Костанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар