"Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы"-ның ұйымдастыру комитетіне еліміздегі 14 кәсіподақ ұйымының өкілдері қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы"-ның ұйымдастыру комитетіне еліміздегі 14 кәсіподақ ұйымының өкілдері қамтылды

"Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы"-ның ұйымдастыру комитетіне еліміздегі 14 кәсіподақ ұйымының өкілдері қамтылды

"Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы"-ның ұйымдастыру комитетіне еліміздегі 14 кәсіподақ ұйымының өкілдері қамтылды. Атап айтсақ, "әуе компаниялары қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы" салалық бірлестігі, "Дәрігер" кәсіподақ ұйымы, "Кооперативтер мен кәсіпкерлердің кәсіподақ ұйымы", "балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы", "Мұғалімдер үйі" кәсіподақ ұйымы, "Интеллектуалдық еңбекпен айналысушы әйелдер одағы" қоғамдық бірлестігі, "ҚР азаматтық авиациясының ұшқыштар құрамы кәсіподақтар ұйымының Қауымдастығы" т.б. Бұл туралы бүгін, 24-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы" ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Леонид Соломин хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 934
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қарым-қатынаста негізгі үш проблема бар, атап айтсақ ол — еңбекақы деңгейі, еңбек ету ахуалы, кәсіпорын пайдасынан қосымша әлеуметтік кепілдік беру мәселелері.

«Бұл мәселелердің барлығы да ұжымдық келіссөздер негізінде шешілуі тиіс, ал елімізде ондай жағдай қалыптаспай отыр. Сондықтан тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары осы процесске араласуы қажет»,- деді Л.Соломин.
Қазір «Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы»-ның ұйымдастыру комитеті үш бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтсақ, «Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығын» құруға бағытталған құрылтай сьезін өткізуді, сондай-ақ, Қазақстандағы әлеуметтік әріптестер форумын өткізуді , 2004-жылды жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау жылы ретінде жариялауды көздейді.
Бүгін «Қазақстанның біртұтас кәсіподақ орталығы»-ның төрағасына мәжіліс депутаты Серік Әбдірахмановты тағайындау туралы ұсыныс түскен көрінеді.
Бұл ұсынысқа түсініктеме берген С.Әбдірахманов былай деді: «Мен «Бірлесу» деп аталатын тәуелсіз кәсіподақ ұйымының ардагерімін. Сол себепті менің осында отыруым кездейсоқтық емес. Қолымдағы депутаттық мандаттың көмегімен ұйымдастыру комитетіне қолұшын бергім келеді». Осы орайда халық қалаулысы депутаттық мандатпен қоштасуға ниеті жоқтығын жеткізді.
Бүгінде елімізде Қазақстан кәсіподақ ұйымдарының Федерациясы, тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының конфедерациясы, Ұлттық кәсіподақ орталығы тәрізді үш кәсіподақ ұйымына салалық 8 кәсіподақ ұйымы біріккен.

Соңғы жаңалықтар