Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігін ашуға ұсыныс жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігін ашуға ұсыныс жасалды

Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігін ашуға ұсыныс жасалды

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реифпен екіжақты кездесулер өткізді.

  • 7 Маусым 2011
  • 386
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде әңгімелесуші тараптар Астана мен Бразилия арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асу барысын талқыға салды. Е. Қазыханов Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымының елеулі қарқынын атай отырып, сауда -экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комитеттің құрылуы екі елдің іскерлік мүмкіндіктері жөнінде ақпаратқа кәсіпкерлердің қол жетуіне айтарлықтай ықпал жасайтындығын айтып өтті. Ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарына тоқтала отыра, қазақстандық министр бразилиялық капиталдың Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторында белсенді аралсуына қызығушылығын білдіре отырып ауыл шаруашылық, авиация құрылысы және космос саларындағы өзара тиімді ынтымақтастық болашағын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Е. Қазыханов Қазақстан мен Бразилия әлемдегі түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы тең дәрежелі қарым-қатынасты сақтап отырған аз елдің қатарына кіретінін атай отырып, Өркениет альянсының және Әлем және дәстүрлі діндер жиынының ортақ мақсаттарына қол жеткізуге барынша күш салатынын айтты.

Министр атап өткендей, Қазақстан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы ретінде Бразилияның ИКҰ-на бақылаушы мәртебесін алуға ұсынған өтінішін қолдауға дайын.

«Біз Қазақстан мен Бразилия арасында сауда және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестікті дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, бүгінгі кездесу барысында мен министр Қазыхановқа Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігін ашуға ұсыныс жасадым»,-деді Бразилияның сыртқы байланыстар министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, Бразилия тарапы ауыл шаруашылығы саласында ықпалдастықтың дамуын реттейтін Қазақстанның Бразилиядағы миссиясын ашуға ниеттестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар