Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі ҰОC кезінде қаза болған кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі  ҰОC кезінде қаза болған кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған  мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысты

Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі ҰОC кезінде қаза болған кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысты

Оржехов қаласындағы әскери зираттың бауырлас қабірінің әскери жерлеу мемориалды тақтасында жаңадан анықталған 37 қазақстандық жауынгерлерінің аттары мәңгіге жазылды.

  • 24 Маусым 2020
  • 61
Фото - Caravan.kz

22 маусымда Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі Оржехов қаласында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған 1250 кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған 10 мемориалды тақтаның ашылуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Оржехов қаласындағы әскери зираттың бауырлас қабірінің әскери жерлеу мемориалды тақтасында Братислава-Брно шабуыл операциясы барысында Оржехов қаласын, ​ Чехияның Оңтүстік Моравия аумағын және жақын маңдағы елді мекендерді азат ету кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің қатарында жаңадан анықталған 37 қазақстандық жауынгерлерінің аттары мәңгіге жазылды.