Қазақстанның Чехияға берешегіне қатысты ахуалды реттеу жөнінде арнаулы комиссия құрылды - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Чехияға берешегіне қатысты ахуалды реттеу жөнінде арнаулы комиссия құрылды - Н.Назарбаев

Қазақстанның Чехияға берешегіне қатысты ахуалды реттеу жөнінде арнаулы комиссия құрылды - Н.Назарбаев

Бүгін, 8-қыркүйекте Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Чехия президенті Вацлав Клаустың келіссөздері барысында Қазақстанның Чехия Республикасына берешегіне қатысты ахуалды реттеу жөнінде арнаулы комиссия құру туралы уағдаластық жасалды. Бұл туралы келіссөздер қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Чехия арасындағы берешек проблемасы көптен бері шешілмей келеді. 1985-жылы бүгіндері келмеске кеткен Кеңес Одағы мен Чехословакия арасында Ямбург келісімі деп аталған құжатқа қол қойылып, сол бойынша Чехия жағы Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қарашығанақ газ конденсаты кенішін жөндеуге қатысқан. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Чехия алдындағы 300 млн. доллардың берешегі Қазақстанның мойнына жүктелді. 90-жылдардың орта шенінде мекемеаралық келісімге қол қойылып, ол бойынша Қазақстан берешекті 2000-жылға дейін өтеуге міндеттеме алды. Бірақ ол орындалмай қалды.

Берешек мәселесі тағы да қозғалған бүгінгі келіссөздерден кейін Н.Назарбаев Қазақстан мен Чехия арасында Кеңес Одағы дәуіріндегі берешектерді Астана мемлекеттік берешек деп санай алатындығы туралы келісімге күні бүгінге дейін қол қойылмағанын атап өтті. «Берешектер жөніндегі мемлекеттік реестрде бұл туралы ләм-мим делінбеген»,- деді мемлекет басшысы.
Осыған байланысты бүгін екі елдің қаржы министрлері мен шаруашылық субьектілері «өзара мәмілеге келу үшін келіссөздер үстеліне отырады» деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан президенті «аталмыш берешектің авторы болып табылатын Қарашығанақ кеніші төлем ретінде Ресейге 4 млрд. текше метр газ бергенін» атап өтті. «Ал Ресей газы одан әрі Чехияға жіберді». Н.Назарбаевтың айтуынша, «шешімін табуды талап ететін проблема әлі де көп». Бұлардың барлығын мемлекеттік комиссия қарайды, деді президент.

Перейти к новостям спорта