Қазақстанның даму банкі 100 млн. долларға 10 жылдық еврооблигациялар шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның даму банкі 100 млн. долларға 10 жылдық еврооблигациялар шығарды

Қазақстанның даму банкі 100 млн. долларға 10 жылдық еврооблигациялар шығарды

Қазақстанның даму банкі 100 млн. долларға 10 жылдық еврооблигациялар шығарды. Бұл туралы бүгін, 5-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкі басқармаларының төрағасы Қамбар Шалғымбаев хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2003-жылдың қазан айының 27-30-жұлдызында Қазақстан даму банкінің роуд-шоу шарасы өтіп, соның нәтижесінде халықаралық несиелік капитал рыногінен орта мерзімді несиелер алу бағдарламасына сәйкес банк еврооблигацияларының екінші траншы шығарылды. Бұл операцияның жетекші менеджері ролін UBS Invesment Bank атқарды. Қ.Шалғымбаевтың атап көрсетуінше, Қазақстан даму банкінің еврооблигацияларына деген инвесторлардың сұранысы эмиссия көлемінен 3 есе асып түскен. Облигацияның айналым мерзімі 10 жылды, купондық сыйақы көлемі жылдық 7,375 %-ті, облигацияларды рынокқа шығару құны номиналдың 97,945 процентін, ал облигацияны рынокқа шығарып сатудың кірістік көрсеткіші 7,673 процентті құрады.

Қазақстан даму банкі төрағасының айтуынша, банк еврооблигацияларына деген сұраныс ұзақ мерзімді инвестициялық стратегия ұстанған инвесторлар тарапынан көбірек байқалды. Ол сондай-ақ, Ресейдегі ахуалдың тұрақсыздығына және оның дамушы елдердің қаржы рыногіне кері әсеріне қарамастан, инвесторлар қазақстандық эмитентті лайықты бағалады деп мәлімдеді. «Тәуекелділік деңгейін бағалаудағы шетелдік инвесторлардың сауаттылығы несие алу мерзімін 10 жылға дейін ұзартуға және еврооблигациялар мен АҚШ-тың казначейлік облигацияларының кірісі арасындағы айырмашылықты ең төменгі деңгейде белгілеуге жағдай жасады»,- деді Қ.Шалғымбаев.
Ол бағалы қағаздар шығару операциясы Қазақстан даму банкінің облигацияларын шығару жөніндегі 2002-2005-жылдарға арналған EMTN бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын, сауданың жалпы құны 400 млн. долларды құрағанын хабарлады. Банк төрағасының айтуынша, бұл бағдарламаның бір мәрте облигация шығару шарасынан айырмашылығы , бағдарлама Қазақстан даму банкінің болашақта бағалы қағаздар шығаруға жұмсалатын шығындары мен мерзімін қысқартуға, сондай-ақ, нарықтағы баға өзгерісіне шұғыл жауап беріп, несие алу мөлшерін несиелік ресурстардың игерілу жағдайына қарай реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Облигация шығарудан түсетін қаржы Қазақстан даму банкіне инвестициялық жобаларды орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады деді Қ.Шалғымбаев.

Соңғы жаңалықтар