Қазақстанның дамуы соншалықты жылдам, оған көршілері де, ЕО да дайын емес - Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары У.Төлешов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның дамуы соншалықты жылдам, оған көршілері де, ЕО да дайын емес - Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары У.Төлешов

Қазақстанның дамуы соншалықты жылдам, оған көршілері де, ЕО да дайын емес - Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары У.Төлешов

Қазақстанның дамуы соншалықты жылдам, оған көршілері де, ЕО да республиканың осыншама жылдам дамуына дайын емес.

  • 31 Қазан 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікірін Брюссельде «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы мен ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясын іске асыру нәтижелеріне арналған Берлин Еуразиялық клубының үшінші отырысының қорытындылары бойынша қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Ұлт көшбасшысының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары Уәлихан Төлешов айтып өтті.

У.Төлешовтың атап өтуінше, болып өткен шара барысында неміс сарапшылары Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы бөлек арнайы келісімнің қажеттілігі туралы пікір білдірген, өйткені ескі құжат кезеңдік болғанымен, бүгінгі дамыту қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. «Қазақстан жылдам даму үстінде, оған көршілерінің де, ЕО-ның да дайын еместігі анықталды», — деді ол.

Әлемдік экономика және саясат институты директоры орынбасарының айтуынша, экономикалық тұрғыдан алғанда Қазақстан еуропалықтар тез жауап бере алмайтын көптеген қызықты ұсыныстар мен жобаларды ұсынуда. «Олар кешігіп жатады. Қытай, кәріс компаниялары тәрізді бәсекелестері еуропалық компаниялардан нанды тартып алатындай болады», — деп атап өтті У.Төлешов.

Оның айтуынша, шара барысында өркениетті ынтымақтастыққа үлкен назар аударылды, өйткені ресурстар мен технологиялармен алмасу сияқты жобалар ғана емес, қазақстандықтардың біріккен жобаларға, біріккен жұмыс пен ынтымақтастыққа дайын болуы үшін біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік кеңістігін жақындатуға бағытталған жобалар да дамытылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар