"Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінің басшылығы Жақияновтың денсаулығын куәландыру үшін шетелдік сарапшыларды шақырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінің басшылығы Жақияновтың денсаулығын куәландыру үшін шетелдік сарапшыларды шақырмақ ниетте

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінің басшылығы Жақияновтың денсаулығын куәландыру үшін шетелдік сарапшыларды шақырмақ ниетте

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінің басшылығы қозғалыстың тең төрағасы Ғалымжан Жақияновтың денсаулығын куәландыру үшін Ресей мен "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымынан медициналық сарапшылар шақырмақ ниетте. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінің баспасөз хатшысы Владимир Козлов хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 356
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы тұмау дертінен айыға алмаған Ғ.Жақияновтың ағзасынан құрт ауруының алғашқы белгілері біліне бастаған. Сырқат белгілері нақтыланған жағдайда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» бірлестігі оны қамаудан мерзімінен бұрын босатып алмақ ниетте.

Алайда, ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің медицина мамандарының бағауынша, Жақияновтың құрт ауруына шалдығу дерегі дәлелденбей отыр.
Сондай-ақ, В.Козловтың хабарлауынша, 11-маусымда Қазақстандағы АҚШ елшілігінің екінші хатшысы Итон Глик Ғ.Жақиянов қамауда отырған Қостанай облысының Құсмұрын ауылындағы түрмеге іссапармен барып қайтты. Еліміздегі АҚШ елшілігінің ақпараттық қызметінен KZ-today агенттігі сұрақтарына берілген жауапқа сәйкес, бұл кездесу ҚР үкіметінің қатысуымен жүзеге асырылған. Елшілік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «Ғ.Жақияновқа қатысты қылмыстық істі жүргізу барысында құқықтық процедуралардың қаншалықты сақталғандығы жөніндегі мәселеге елшілік алаңдаушылық білдіреді».

Соңғы жаңалықтар