Оқыс оқиға 4-қыркүйек, сенбі күні болған. Белгісіз біреулер кеңсеге кіріп, ішінде партия филиалының құрылтайшылық құжаттары, ұйымның мөр-таңбасы, мүшелік билеттер, филиал жетекшісінің жеке құжаттары мен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыруға арналған ірі көлемдегі қаржыны алып кеткен.
ІІБ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, партия филиалының кеңсесінде арнаулы дабыл жүйесі болмаған. Тәртіп сақшылары есік бұзу іздерін таба алмады. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің жорамалы бойынша, қылмыскерлер кеңсе есігіне кілт сәйкестіріп кіргенге ұқсайды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Тонаушылық» туралы 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу үшін шұғыл тергеу тобы құрылды.