Партия құру туралы бастамашыл топтың жетекшісі Асылбек Қожахметовтың айтуынша, қозғалысты партия түрінде қайтадан құру туралы шешім саяси кеңестің өткен аптадағы отырысында қаралған. Саяси кеңестің бүгінгі кеңейтілген отырысында бұл шешім мақұлданды.
А.Қожахметовтың мәліметіне жүгінсек, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының құрылтайшылық сьезі алдағы жылдың ақпан айында өтеді. Партия құру туралы бастамашыл топтың жетекшілері партияға мүшелікке өту туралы өтініш берген адамдар санын қалай толтырмақ деген сауалға А.Қожахметов, қазірдің өзінде қозғалыстың 32 мың мүшесі бар, олардың 22 мыңы басқа партияға мүше емес деп жауап берді.