"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының саяси кеңесі бұл бірлестіктің партия түрінде қайта құрылғанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының саяси кеңесі бұл бірлестіктің партия түрінде қайта құрылғанын хабарлады

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының саяси кеңесі бұл бірлестіктің партия түрінде қайта құрылғанын хабарлады

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының саяси кеңесі бұл бірлестіктің партия түрінде қайта құрылғанын хабарлады. Бұл туралы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшілері бүгін, 1-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 590
Фото - Caravan.kz

Партия құру туралы бастамашыл топтың жетекшісі Асылбек Қожахметовтың айтуынша, қозғалысты партия түрінде қайтадан құру туралы шешім саяси кеңестің өткен аптадағы отырысында қаралған. Саяси кеңестің бүгінгі кеңейтілген отырысында бұл шешім мақұлданды.

А.Қожахметовтың мәліметіне жүгінсек, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының құрылтайшылық сьезі алдағы жылдың ақпан айында өтеді. Партия құру туралы бастамашыл топтың жетекшілері партияға мүшелікке өту туралы өтініш берген адамдар санын қалай толтырмақ деген сауалға А.Қожахметов, қазірдің өзінде қозғалыстың 32 мың мүшесі бар, олардың 22 мыңы басқа партияға мүше емес деп жауап берді.

Соңғы жаңалықтар