Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытай мен Монғолияда энтеровирустық жұқпалы аурудың өршуіне байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытай мен Монғолияда энтеровирустық жұқпалы аурудың өршуіне байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытай мен Монғолияда энтеровирустық жұқпалы аурудың өршуіне байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытай мен Монғолияда энретовирустық жұқпалы аурудың өршуіне байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті. Бұл туралы бүгін ҚР бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Мамыр 2008
  • 641
Фото - Caravan.kz

А. Белоног хабарлағанындай, денсаулық сақтау министрлігі » мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріндегі эпидемиологиялық шараларды күшейтіп, ауруларды оқшаулап, уақытылы індетті анықтауға бағытталған энтеровирустық жұқпалы ауруды алдын алу жөніндегі қаулысын шығарды». » Бұл қазақ-қытай шекарасынан адамдардың үлкен шоғыры өтіп жататындығымен байланысты, шекарадан күніне 2 мың адам өтеді. Ал Қытайда қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайы күрделі», — деп атап өтті ол.

Оның сөздері бойынша әуежайларда, вокзалдарда және көлік өткелінде қадағалау күшейтілген. «Өткелектерде энтеровирус жұқпалы ауруы бар деген күдік туғызған адамдардың температурасы өлшеніп, медициналық зерттеуден өткізіледі «, — деді А. Белоног.

ҚР бас санитарлық дәрігері атап өткеніндей, «жолсеріктері мен вагон жолсеріктері энтеровирустық жұқпалы ауруға шалдыққан күдіктіні анықтау үшін және оны уақытында оқшаулау үшін арнайы оқытылды». «Бүгінде барлық ұшақтар мен поездарда обаға қарсы костюмдер, дезинфекциялық заттар, дертті анықтайтын өлшем құралдары бар. Сөйтіп ұшақтар мен поездардың қызметкерлері түрлі жағдайларда қолға алатын әрекеттерге дайын», — деп атап өтті ол.

Ол сондай-ақ атап өткеніндей,» аумақтық денсаулық сақтау департаменті ем-дом жасайтын, дертті анықтайтын жұқпалы ауруларды алдын алып емдейтін дәрігерлерді дайындады». «Сондай-ақ барлық учаскелік ауруханаларда, емдеу алдын алу мекемелерінде оқыту-дәрістері өткізілді «, -деп анықтады А. Белоног. » Жұқпалы аурулар бөліміне ауруларды жатқызу орындары дайындалып, барлық жерлерде қажетті медициналық препараттар қоры құрылды», — деп хабарлады ол.

А. Белоног хабарлағанындай, жұқпалы індет пайда болған жерлерде дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілген эпидемиологиялық топтар құрылды.

Бүгінгі уақытта Қытай мен Монғолияда энтеровирустық жұқпалы ауру өршуде. Қытайда 60 адам бұл дерттің құрбаны болды. Қазақстанда бұл ауру тіркелмеді. Бұдан бұрын Алматы облысының Алакөл ауданында Қытайдан келген бір адам алдын ала энтеровирустық жұқпалы індетіне шалдыққан деп тіркелген болатын. Алайда, денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой хабарлағанындай, бұл диагноз расталмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті