Жарияланды: 430

Қазақстанның денсаулық сақтау нарығында бәсекелестік артуда

Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің аясында еліміздің денсаулық сақтау нарығында бәсекелестік орта дамуда,

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілгенге дейін жеке секторда тек бір ғана амбулаторлық гемодиализ жеткізушісі қызмет көрсетіп келген еді. Ал 2012 жылы елімізде бұндай мекемелердің саны 43-ке жетті, оның 16-сы жекеменшік мекеме. Ағымдағы жылы еліміз гемодиализ сеансының саны бойынша халықаралық стандартқа жетті, стандарт бойынша бір науқасқа 12 сеанс қарастырылған», - делінген министрліктің хабарламасында. Қазіргі таңда кепілдендірілген тегін медициналық көмек ауқымы бойынша мемлекеттік және жеке меншік сектордың арасында теңдей жағдай жасалып отыр. Осының арқасында мемлекеттік емес сектордың қызметтегі үлес өсімі 17 пайызға дейін артты. Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің аясында жүргізіліп отырған жұмыстар сондай-ақ, халықтың негізгі денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға да әсерін тигізіп отыр, атап айтқанда медицина-демографиялық көрсеткіштерге. Атап айтқанда, қан айналымы жүйесі ауруларынан, ми қан тамырларының зақымдануы және туберкулез ауруларынан болған адам өлімінің төмендеу динамикасы байқалуда. Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу жөніндегі кешенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа жүйенің негізгі қағидалары науқастардың емхананы еркін таңдауы, нарықта бәсекелестік орта құру, ақырғы нәтиже бойыншатөлем жасау, т.б. болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін